Талант тасада қалмауы тиіс. Облыста дәстүрлі «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты 37-ші көркемөнерпаздар байқауы басталды. Онда облыстың аудан, қалаларының үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Дарынды доданың шымылдығын Федоров пен Қарабалық аудандары түрді. Әрі қарай фестиваль өңірдің өзге де қала, аудандарында жалғасады.