Аймақта сырқат салдарынан өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, онкологиялық ауруларға шалдыққандардың саны азайған. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші де кеміп келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев өңірдегі медицина саласындағы жағдайды баяндады.