«Kostanay Invest 2024» форумы жергілікті кәсіпкерлердің ғана емес, шет елден келген бизнес өкілдері мен инвесторлардың басын қосты. Пленарлық отырысқа 500- ге жуық адам қатысты. Шетелдік инвесторлармен келісімшарт жасалып, қонақтарға KamLit KZ зауытының жұмысы таныстырылды.