Алтынсарин ауданында тағы бір ауыл газдандырылды. Өлке орталығына іргелес орналасқан Үлкен Чураковка елді-мекеніне көгілдір отын берілді. Ауылды табиғи газға қосу рәсіміне облыс әкімі қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Олар бұл күнді ұзақ күткен еді. Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов бірнеше нысанды аралап, халықпен кездесу өткізді.