«Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыстық әділет департаменті арнайы конференция ұйымдастырды. Оған құқық қорғау органдары және өзге де заң мекемелерінен қызметкерлер қатысты. Конференцияда «Алимент өндіріп алу кезінде туындайтын мәселелер» талқыланып, олардың алдын алу жолдары баяндалды.