Биыл су тасқынынан Денисов ауданындағы «Солнечный» балалар лагері де зардап шеккен болатын. Әлеуметтік маңызы зор нысанға мемлекет тарапынан 85 млн теңге қаржы бөлініп, ай көлемінде қайта қалпына келтірілді. Осыған орай оның ашылу салтанаты өтіп, концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Қазіргі таңда мұнда 150 бала жазғы каникулын қызықты өткізуде.