Қостанайда кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалады. Мәселен, өткен аптада картоп 2,9, сәбіз 1,8 пайызға қымбаттады. Ал, жұмыртқа керісінше, арзандап келеді. Бүгінде қалада бағаны тұрақты ұстау мақсатында бірқатар тиісті жұмыстар қолға алынып, сауда орындарында тексеру шаралары жүргізілуде.