Облыс тұрғындары «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жемісін көре бастады. Қостанай ауданы Октябрь елді мекенінің тұрғындары енді бас ауырып, балтыр сыздаса қалаға сабылмайтын болды. Ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне берілді.