21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Мерекеге орай Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында ашық есік күні өтті. Іс-шараға студенттер мен кез-келген ниет білдірушілер қатысты. Олар өнер ордасына айналған театр жұмысының қыр-сырымен танысуға мүмкіндік алды.