Көрмеде суретшінің туған жердің әсем табиғаттарын бейнелейтін тың туындылары көпшілік қауымға жол тартты. Батика және акварельмен салынған бұл өнер туындылары суретшінің көп жылғы еңбегінің жемісі.

Көрмеде талантты суретшінің 90-нан астам өнер туындысы қойылды. Барлығы ерекше техникада жасалынған. Автордың айтуынша бұл суреттерді салу үшін күрделілігіне байланысты уақыт талап етіледі. Сондай-ақ бұл өнердің жаңа түріне қызығушылардың саны артып келеді.

Көрме барысында өңірімізге белгілі суретшіге ізгі тілектерін білдірді. Айта кету керек, Әрқайсысы әртүрлі жанрда салынған картиналардан, қазақтың кең даласын, өзге де өңірлерін көруге болады. 1 айға созылатын көрмені қала тұрғындары тегін тамашалай алады.