Негізгі Жаңалықтар Қостанайдағы бокс бәсекесі

Қостанайдағы бокс бәсекесі

Қостанайда қазақ боксының айтулы өкілі, Олимпиада жүлдегері Александр Мирошниченконы еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр. 19 тамызда басталған бәсеке 23- тамызға дейін жалғасады. Дәстүрлі додаға еліміздің әр өңірінен келген спортшылармен қатар, шетелдік боксшылар да қатысып, шаршы алаңда шеберліктерін сынауда.

Шаршы алаңдағы тартыс қызу. Бірі алғашқы секундтардан-ақ шабуылға көшсе, енді бірі қарсыласының қимылын аңдып, сәтті қарымта соққы жасауға тырысады. Бұл жолғы бәсеке бұрынғыдан да ауқымды. Қонақтардың айтуынша, қазақстандық бокс мектебінің халықаралық аренадағы беделі жоғары. Сондықтан мұнда бақ сынау – шетелдік спортшылар үшін де үлкен тәжірибе.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар