Негізгі Жаңалықтар Спортпен сыналған мамандық

Спортпен сыналған мамандық

Біздің елімізде бірнеше кәсіби спорт түрі бар. Сәйкесінше, жүлдегерлер де көп. Бірақ мұның арасында өрт сөндіру-құтқару спорты жайлы бірі білсе, бірі білмес.

Ал осы спорт түрінен ел бойынша үздіктер қатарында Қостанай өңірі тұр. Жылдамдық пен ептілікті, күш пен төзімділікті қатар талап ететін бұл сын бірнеше күрделі кезеңнен тұрады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты десе, көпшіліктің көз алдына ең алдымен өрт сөндірушілер елестейтіні рас. Алайда бұл – өзіндік ережесі мен жарыс кезеңдері бар кәсіби спорт түрі. Атаулы бағдар бойынша жүлдегер атанып жүргендердің бірі-Айдана Жақсыбекқызы. Отбасылық өмір мен мансапты қатар алып жүрген ару кәсіби бағытпен 2019 жылдан бері айналысып келеді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар