Негізгі Жаңалықтар Микроқаржылық қызмет ұйымдастырған азамат сотталды

Микроқаржылық қызмет ұйымдастырған азамат сотталды

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті лицензиясыз кепілмен қарыз беру қызметін ұйымдастырған жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі.

Тергеу барысында оның "OLX" пен "Instagram" арқылы клиенттер тартып, жылдық мөлшерлемесі 120%-ға дейін жететін жоғары пайызбен несие бергені анықталды. Қарыз шарттарында нақты берілген сома емес, алдын ала есептелген пайыздар мен түрлі шығындар қосылып, қарыз көлемі негізсіз ұлғайтылған. Нәтижесінде 50-ден астам азамат тиімсіз шарттармен қарыз міндеттемелеріне тартылып, қылмыстық жолмен алынған кіріс 1 млрд теңгеден асты. Сот үкімімен күдікті 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ қылмыстық табысқа сатып алынған 4 пәтер, 2 жер учаскесі және бірнеше автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Бөлісу