Жыл басынан бері 379 өрт тіркелген
Жыл басынан бері өңірде 379 өрт болып, 13 адам қаза тапқан. Тағы 11-і жарақат алған. Оның біреуі бала. Ал, келтірілген залал – 4 млн 71 мың теңге. Сондай-ақ, облыста 43 орман өрті тіркелген. Жалын 114,9 гектар аумақты шарпыған. Өрт саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқанымен, аумақ 92,8 пайызға азайған.