Негізгі Жаңалықтар Әулиекөлде спорт додасының жеңімпаздары анықталды

Әулиекөлде спорт додасының жеңімпаздары анықталды

Әулиекөл аудандық спартакиадасы қорытынды кезеңге жетті. Бірнеше айға созылған спорттық жарыстардың нәтижесінде үздіктер анықталды. Биылғы додаға 1200-ден астам аудан тұрғыны қатысып, 14 спорт түрінен өзара бақ сынады. Жарыс барысында ұлттық спорт бағыттарына да ерекше көңіл бөлінді. Енді үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Арқалық қаласында өтетін облыстық спартакиадада аудан намысын қорғайды.

Бөлісу