Тобыл өңірінің торқалы тойы
Тарихтан белгілі, Тобыл өңірі – береке мен бірліктің, біртуар тұлғалар мен бай руханияттың ордасы. Құт қонған Қостанай облысының құрылғанына биыл - 90 жыл. Айтулы да, ауқымды торқалы тойды атап өту мақсатында жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары игі дәстүрге айналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық фестивальдң куәсі болды.
Жыл бойы жер-жерді аралап, өлке өнерпаздары мен тасадағы таланттарды танытуға арналған байқау-фестивальдің қорытынды гала-концерті тойшыл қауымға естен кетпейтін сый болды.