Жылыту маусымы: аудандағы ахуал
Жітіқара ауданы да қыс қамын жаз ойлап, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта өлкеде жылу желілерін жаңғырту мен энергия нысандарын жаңарту бағытында бірнеше ірі жоба іске асырылуда. Бұл туралы аудан басшысы облыстық әкімдікте өткен аппарат отырысында баяндады.