Сыр елінде өткен бесінші Ұлттық құрылтай қоғамды толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, ел дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Алқалы жиында саяси шешімдер жарияланып, сан бағыттағы өзгерістер талқыланды. Президент, әсіресе, әлеуметтік саланың әлеуетін дамытуды тапсырды. Себебі, адами капиталдың сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет, деді. Ұлтты ұйыстырған Ұлттық құрылтай тағы қандай жауапкершілік жүктеді?