Жаңа жыл - әр отбасы үшін татулық пен тыныштықтың мерекесі. Бұл күндері әр шаңырақта шат күлкі естіліп, балалардың қуанышы артса дейміз. Алайда мерекелік көңіл күйдің көлеңкесінде қалып қоятын жағдайлар да бар. Өкінішке қарай, жаңа жыл қарсаңында тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері де азаймай отыр.