Қостанай мұзайдынында жаңа жыл қарсаңында шынайы ертегі шымылдығын ашты. Мәнерлеп сырғанаудан «Арыстан патша II» атты көркем қойылым көрермен назарына ұсынылды. Мұз үстіндегі сиқырлы әлем — жарық пен музыкаға үндескен балғындардың нәзік қимылымен үйлесіп, жан тебірентер көрініске айналды. Ерекше өнерімен көзге түскен бүлдіршіндер көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, зор қошеметке ие болды.