Биыл Қостанай облысына оңтүстік аймақтардан 500-ден аса адам қоныс аударған. Олардың бәрі халықтың қоныстануы мен еңбек нарығын реттеуге арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар. Мамандардың айтуынша, әсіресе тұрақтап қалып жатқан жастар. Мысалы, Боровской кентінің мектебінде соңғы жылдары өзге өңірден бір емес, төрт жас маман келіп, жұмысқа тұрған.