Әулиекөл ауданында от шалған орман ағашын заңсыз кескендер ұсталды.
Қылмыстық схеманы облыстық прокуратура мен полиция қызметкерлері бірлесіп әшкерелеген. Жедел ақпаратқа сәйкес 20 азамат анықталды. Оның бірі аукцион арқылы орман қорын өңдеуге алған рұқсатын асыра пайдаланған. Олар қарағайды рұқсатсыз кесіп, сатумен айналысып келген.