Сарыкөлде жыл қорытындысына сәйкес биыл жалпы ішкі өнім көлемі өскен. Бұған тұтыну нарығындағы, сондай-ақ өнеркәсіптің өндіру секторларындағы сұраныстың сақталуы әсер еткен. Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте аудан әкімі он айда 10 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, экономикаға серпін беретін ірі жобалар жүзеге асырылғанын мәлім етті. Сөзінше, негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалады.