Мемлекет басшысы азаматтардың, оның ішінде шалғай ауылдардағы халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде тапсырма берген болатын. Соның негізінде әр аумақта құқық кабинеттері ашылған еді. Мұндай бастамадан Қостанай облысы да тыс қалмады. Қазір өңірде 200-ден астам құқық кабинеттері бар.