Өңір бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жандана түсті. Облыстық прокуратурада осы тақырып бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда аймақтағы жол-көлік оқиғаларының артуы, жол инфрақұрылымының жай-күйі және уәкілетті органдардың жұмыс тиімділігі талқыланды. Кеңеске құқық қорғау, арнаулы және мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ қала және аудан әкімдері қатысты.