Қостанай облысында биыл 900 мың тоннаға жуық майлы дақылдар тұқымы жиналды. Былтырға қарағанда бір жарым есеге көп. Қазіргі кезде жергілікті май зауыттары өндіріске қажетті шикізат қорын жинап жатыр. Алайда керекті көлемді сатып алуға май өндірушілердің қаржылай шамасы жетпейді.