Федоров ауданында бірден үш ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Қазіргі кезде аудан тұрғындарының 80 процентінің үйлеріне тіршілік нәрі кіріп тұр. Қалған елді мекендерде су тарату пунктері орнатылған. Болашақта оларды да орталықтандырылған желімен қамту жоспарда бар.