Жылыту маусымы басталғалы облыста 85 өрт жағдайы тіркелген. Салдарынан екі адам көз жұмып, үшеуін күйік шалған. Бірақ былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш біршама азайған дейді, төтеншеліктер. Сала мамандары бүгінде рейд іс-шараларын күшейтіп, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда.