Алтынсарин ауданында алғашқы облыстық «Жастар уақыты» атты слёт өтті. Жаңа идеялар мен тың жетістіктер алаңына айналған ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға облыстық «Әйелдер күштері алянсы» мұрындық болды. Слет жұмысында жастарды толғандырған сауалдар талқыға түсіп, түрлі тренингтер мен шеберлік сабақтары өткізілді. Қатысушылар өз идеяларын ортаға салып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.Қорытынды кеште ең белсенді жастар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.