Қонай шағын ауданында бюджет қаражаты есебінен салынған дайын жеке тұрғын үйлерді кезекте тұрғандар арасында жер телімдеріне бөлу жұмыстары басталады. Жоба аясында тұрғын үймен барынша қамтамасыз ету үшін үміткерлердің кезек тобы кеңейтілді. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиында айтылды.