Өз-өзіңді жеңу – ең қиын сынақтардың бірі. Бірақ Қостанайдағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы кешеннің оқушылары мүмкін емес нәрсе жоқ және өмір қандай сынақ әкелсе де, сенім мен қолдаудың күшімен бәрін еңсеруге болатынын
дәлелдеп жүр. Ұстаздардың қамқорлығы мен балалардың табандылығы арқасында бүгінгі таңда көптеген тәрбиеленушілер үлкен белестерге жетіп, кәсіби жолын сенімді бастады.