Қатерлі ісікті ерте анықтау – өмірді сақтап қалудың ең басты жолы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде онкологиялық аурулардың саны артып отыр. Ал Қостанай облысы республика бойынша екінші орында. Өңірде әсіресе тоқ ішек обыры, жатыр мойны және сүт безі қатерлі ісігі көп тіркелуде. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарды ерте кезеңде ауруды анықтауға мүмкіндік беретін онкоскринингтен уақытылы өтуге шақырады.