Инклюзивті қоғам қалыптастыру. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қала ішінде еркін қозғалуына жағдай жасалып келеді. Солардың бірі – инватакси жобасы. Сондай- ақ, қоғамдық көліктердің де сапасы артып келеді. Мысалы, көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін аялдамаларда тактильді плиткалар төселіп, автобустардың бағыты туралы дыбыстық хабарламалар іске қосылған.