Тегіс, қауіпсіз және заманауи. Қостанай көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолдары дәл осындай сипатқа ие бола бастады. Қалада тротуарларды жаңарту жұмыстары да қарқын алды. Бұл сыртқы көріністі жақсарту ғана емес, жергілікті тұрғындардың күнделікті қозғалысын барынша ыңғайлы етуге бағытталған.