Жер телімін алу – әрбір азаматтың заңмен кепілдендірілген құқығы. Алайда бұл жолда түрлі кедергілердің кездесіп жататыны жасырын емес. Арқалық қаласының тұрғыны да осындай келеңсіздікке душар болды. Оған заң негізінде сұраған жер телімін алуға рұқсат берлімепті. Бірақ азамат әділдікке қол жеткізу жолында табандылық танытып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгініп, өз құқығын қорғай білді.