Елімізде семіздік дерті белең алып барады. Осы жылдың алғашқы тоқсанында-ақ артық салмаққа қатысты 2 000-нан астам жаңа жағдай тіркелген. Оның жартысына жуығы – ересектер арасында анықталса, соңғы уақытта бұл диагноз жасөспірімдер мен балаларға да жиі қойыла бастаған.