Қостанайда этномедиация күні қарсанында арнайы іс-шара өтті. Мақсат – халық арасындағы түсініспеушіліктерді ушықтырмай, сотқа жеткізбеудің тиімді механизмдерін талқылау. Басқосуға сан түрлі сала өкілдері мен этносаралық келісімге үлес қосып жүрген мамандар қатысты. Осы ретте облыстық ҚХА мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.