Арбаға таңылғандардың амалы таусылды. Қаладағы мекеме-ұйымдардың көбінде мүгедектігі бар жандарға арналған пандуспен көтерілу құрылғысы жоқ. Мұндай өткір мәселе шаштараз бен сұлулық салонына да қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жандар тиісті қызмет алу үшін мамандарды амалсыздан үйіне шақырып, оларға қосымша ақы төлеуіне мәжбүр.