«Шал» фильміндегі басты кейіпкер бейнесі арқылы көпшіліктің жүрегінен орын алған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Тоғызақовпен тағылымды кездесу өтті. Кеш барысында танымал актердің өмір жолы мен шығармашылық белестері, өнерге келу жолындағы қызықты сәттері баяндалды.