Қостанайда балалардың шығармашылығын дамытуға арналған үйірмелер қызметіне бір млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражат «Даму бала» атты платформасы арқылы үлестіріліп, жоба аясында өрендер өнер әлеміне алғашқы қадамдарын жасап жүр. Бүгінде платформа шығармашылық қабілеті бар әр балаға мүмкіндік беретін тиімді құрал саналады.