Қала бойынша алимент төлемегендердің қарызы 600 млн теңгеден асып кеткен. Бала алдындағы жауапкершілігін ұмытқан ата-ананың әрекеті бүгінде қоғамдық түйткілге айналды. Алимент өндіру мақсатында қалалық прокуратура қызметкерлері мен жеке сот орындаушылар апта сайын рейд өткізеді.