Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданды. Құжатқа Президент шілде айында қол қойып, оның негізгі нормалары 2026- жылдың 1- қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңа құжаттың басты мақсаты – салық саясатын әділ әрі ашық ету. Енді бизнес пен азаматтар үшін салық төлеу процесі жеңілдейді, ал көлеңкелі экономикамен күрес күшейеді.