Облыста Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік басталды. Мерекелік іс-шаралар шымылдығы Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында түрілді. Салатантты жиында қазақ әдебиетінің қара сөз шебері атанған ақынның шығармашылығы дәріптеліп, еңбегі ұлықталды. Іс-шара ашық микрофон форматында өтті.