Республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл 1- тамыз бен 30- қыркүйек аралығында өтеді. Қайырымдылық науқанының басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды оқу жылына дайындау үшін жәрдемдесу. Іс-шараға кез-келген азамат қатысып, қаржылай көмек көрсете алады.