Қазақстанда бүгіннен бастап Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл — еліміздің аграрлық секторының қазіргі жай-күйі мен ресурстары туралы маңызды әрі нақты мәліметтер жинауға бағытталған ауқымды іс-шара. Санақ деректері мемлекеттік саясатты тиімді жоспарлау мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Биыл мұндай науқан Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан секілді елдерде де жүргізілуде.