Қостанайда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатары азайып келеді. Жыл басынан бері шаһарда аз қамтылған отбасыларға арналған жәрдемақы 400-ден аса жанұяға тағайындалған. Бұл төлемді кімдер ала алады? Ол үшін не істеу керек? Бұл саладағы жаңашылдық қандай? Осы және өзге де ақпаратты жауаптылар қала әкімінің қатысуымен өткен жиында мәлім етті.