Биыл өңірлерді нығайтуға 7,7 трлн теңге қарастырылған. Бұл республикалық бюджеттің 30 пайызы.Қомақты қаражаттың мақсатты жұмсалуын мәслихат депуттары қадағалап, бақылап отыруы керек. Сенат төрағасы халық қалаулыларына осындай міндет жүктеді. Сенаттың мәслихат төрағаларымен өткізген кеңейтілген кеңестен Самал Қабышева толығырақ.

Бұл жандардың барлығы әр өңірден келген облыстық және аудандық мәслихаттың төрағалары. Яғни, басшылары. Құр-қол келмепті. Өңірлеріндегі өзекті мәселелерін жоғары жаққа жеткізіп жатыр. Мәселен, Құрық портымен танымал Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданында жұмыссыздық мәселесі өзекті екен.