Қостанайлықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысып жатыр. Бүгін "Таза бейсенбі» шарасы барысында Тобыл өзенінің жағалауы қоқыстан тазарды. «Аманат» партиясы мұрындық болған игі бастамаға жастар да бір кісідей атсалысты
Елу шақты адам құрал-саймандарын алып, айналаны түгел ретке кетірді. Ал облыс бойынша ұйымдастырылған экоакция нәтижесінде 26 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Айта кетсек, бұл шара 2024 жылы бастау алды. Оған «Жастар рухының» мыңнан астам белсендісі қатысты. 100-ден астам акция өтті, 50 тоннадан астам қоқыс жиналды. Осы жұмыс биыл да жалғасын табады