Қостанайлық арулар пневматикалық мылтықпен ату бойынша өткен «Мерген ару – 2025» республикалық чемпионатында топ жарды. Бұл дода Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Біздің өңірден қатысқан төрт қыз жекелей де, командалық есепте де үздік нәтижелер көрсетті