Ұлттық құрылтай Қазақстанның дамуына бағытталған негізгі бастамаларды іске асыру мен қоғамдық күн тәртібін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Президент ұлттық бірегейлікті нығайту факторы ретінде тарихи ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік пен Патриотизм», «Бірлік пен Ынтымақтастық», «Әділеттілік пен Жауапкершілік», «Заң мен Тәртіп», «Еңбекқорлық пен Кәсібилік» және «Жасампаздық пен Жаңашылдық» деген қоғамдық маңызы орасан құндылықтарды насихаттауды тапсырды